Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Елордада автобустар қар басып қалған көшелердегі аялдамаға бармайды

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 19:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қалың қар түсіп, көлік жүре алмайтын көшелердегі аялдамаға қоғамдық көлік бармайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Telegram-дағы Smart Astana Bot-қа сілтеме жасап.

«Бүгін, 28 қаңтар, ауа райының қолайсыздығына байланысты (жолдарды қар басқан) қалалық бағдарлар уақытша келесі аялдамаларға кірмейді:

№ 24 бағдар №39 разъезіне және Нефтяников Т/А дейін бармайды;

№ 6, 16, 37, 39 бағдарлар «Астанаинерт» аялдамасына дейін бармайды;

№ 9 бағдар «Дәурен» балабақшасына дейін бармайды;

№ 18, 37 бағдарлар «Ғарыш орталығы» аялдамасына кірмейді;

№ 71 бағдар Бурабай көшесіне кірмейді;

№ 35 бағдар Қараөткел тұрғын үйлер алабына кірмейді;

№ 13, 47 бағдарлар Дегелең көшесіне кірмейді;

№ 2 бағдар М. Шоқай көшесіне кірмей, Шалкөде көшесі арқылы жүреді;

№ 15, 22, 22а бағдарлар «Теміржол» тұрғын үйлер алабына кірмей, Ж. Жабаев көшесі арқылы жүреді;

№ 11 бағдар «Социум» тұрғын үй кешеніне кірмейді;

№ 47, 102 бағдарлар «Family village» тұрғын үйлер алабына дейін бармайды;

№ 20 бағдар «№74 мектеп лицейі» аялдамасына бармайды;

№ 4, 34 бағдарлар Наурыз көшесіне кірмейді;

№ 39 бағдар «Алай» базарына кірмейді;

№ 15, 22, 64 бағдарлар Байырқұм көшесіне кірмейді;

№ 80, 29 бағдарлар «Интернациональный» тұрғын үйлера алабы кірмей жүреді», - делінген компания хабарламасында.


Басты сөздер: Көлік, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай