Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада автомектепті аяқтағаны жөнінде жалған куәлік бергендер ісі тергелуде

2020 жылдың 28 қазан 2020 13:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті тарапынан автомектепті аяқтағаны жөнінде жалған құжат бергендер ісі тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған департамент басшысы Шыңғыс Қабдуланың айтуынша, қалалық мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепті аяқтағаны жөнінде жалған куәлік беруді ұйымдастырған күдіктілер тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Тергеу амалдары барысында мектепті аяқтағаны туралы қолтаңба мен мөр басылған куәліктердің бланкілері анықталды. Осы іске байланысты күдіктілер ұсталды. Қылмыстық қудалау шараларымен жүргізуші куәлігін заңсыз алғандар қамтылып отыр. Біз осы адамдарды анықтаумен айналысудамыз. Бізде 3 мыңнан астам осындай заңсыз куәлік берілген», - деді Шыңғыс Қабдула Astana Adaldyq Alańy-ның әлеуметтік желідегі парақшасында өткен брифингіде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 9 айда департамент тарапынан 177 сотқа дейінгі тергеу тіркелді.


Жоғары қарай