Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Елордада автотұрақ орны жеткілікті – Сәулет басқармасы

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 16:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранқаев елордадағы автотұрақ орнының жетіспеушілігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эскиздік жобаларды бекіткенде олардың әрқайсысындағы тұрақ орны нормаларға сәйкес бекітіледі. Мәселен, 300 адам өмір сүрсе, соған сәйкес автотұрақ орны беріледі. Сонымен бірге, баспананың санаты да ескеріледі», - деді Н. Ұранқаев Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілерге берген жауабында.

Оның айтуынша, тұрғындарға көліктерін көшеге қойған тиімді, алайда бұл автотұрақ орны жетпейді деген сөз емес.

«Мен үй салушылармен жиі сөйлесемін. Олар да көлік тұрағы орындарын өз құнынан анағұрлым арзанға сататындарын айтады. Бірақ, соған қарамастан, тұрғындар тұрақтан орын сатып алуға асықпайды. Оларға көлікті жол жиегіне қою тиімді болып отыр. Шын мәнінде көлік қоятын орын жеткілікті», - деді Н. Ұранқаев.

Бұған дейін Нұрлан Ұранқаев құрылысы тоқтап тұрған Астана LRT жобасы туралы түсінік берген еді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Көлік,
Жоғары қарай