Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада балабақшалар әзір ашылмайды - Алтай Көлгінов

2020 жылдың 26 мамыр 2020 17:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада балабақшалар маусым айының ортасына дейін ашылмайды. Мұның себебін «Хабар-24» телеарнасының тікелей эфирінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта балабақшаларға қатысты мәселе бар. Екеуі де жұмыс істейтін және балаларын үйде қалдырып кетуге мүмкіндігі жоқ ата-аналардың өтініштерімен балабақшаларда кезекші топтар аштық. Жалпы, бізде балабақшаға баратын балалардың саны 55 мыңнан асса, қазіргі уақытта кезекші топтарға шамамен 3 мың сәби барып жүр. Сондықтан да біз балабақшаларды ашуға асыға қоймаймыз. Бұл мәселеге эпидемиологиялық ахуалға байланысты маусым айының ортасында ораламыз», - деді Алтай Көлгінов.

Оның атап өтуінше, балабақшалардағы кезекші топта 15 баладан ғана болады.

«Сонымен қатар жазғы лагерьлердің жұмысын да әзірше қайта жандандырмаймыз. Бұл мәселеге де эпидемиологиялық ахуалға байланысты біраз уақытта кейін қайтып оралаатын боламыз», - деді қала басшысы.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Білім, Нұрлы жол,
Жоғары қарай