Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Елордада балаларды түсіріп, көлікті айдап кеткен күдікті ұсталды

2020 жылдың 25 сәуір 2020 23:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың полиция қызметкерлері көлікте отырған 2 баланы түсіріп, автомобильді айдап кеткен күдіктіні көп ұзамай қолға түсірді. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 25 сәуір күні сағат 13-15-те елорда тұрғыны салонында 9 және 13 жастағы балалары отырған көлігін сауда үйінің тұрағына қалдырып, дүкенге кірген. Осы сәтте көлікке келген белгісіз адам балалардан салоннан түсуді бұйырып, одан кейін автомобиль руліне отырып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

«Көлікті айдап алып кеткен адамды ұстау үшін полиция департаменті «Тосқауыл« жоспарын іске қосып, нәтижесінде қылмыскер 7 минуттың ішінде ұстады. Полиция қызметкерлері аталған азаматтың кім екендігін анықтады. Ол - 50 жастағы елорда тұрғыны, бұған дейін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қылмыс жасаған сәтте мас күйде болған», - деп атап өтілген департамент хабарламасында.

Ұсталған елордалық Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша оқшаулағышына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.



Жоғары қарай