Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада барлық компьютер томографиясы тәулік бойы жұмыс істейді

2020 жылдың 21 шілде 2020 16:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада барлық компьютер томографиясы тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлдайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордада науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсету үшін барлық компьютер томографияларынің жұмысы тәулік бойғы режимге ауыстырылды.

Компьютер томографиясы COVID-19 нәтижесінде пайда болатын пневмония мен өкпедегі басқа да патологияларды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Елордада он жеті КТ аппараты бар. Олардың барлығы тәулік бойы жұмыс істейді.

Қала әкімдігі қосымша тағы екі КТ аппаратын сатып алды. Олар шілде айының соңына дейін қалаға жеткізіледі. Қаладағы барлық 14 мемлекеттік және 2 жеке емханада рентген аппараты бар. Маусым-шілде айларында кеуде қуысына барлығы 20 мыңға жуық зерттеу жүргізілді.


Жоғары қарай