Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада бассейннен 21 жастағы қыздың мүрдесі табылды

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 15:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы спорт кешендері бірінің бассейнінде 21 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 16 қаңтарында сағат 10-18-де полицияның кезекші бөліміне елордадағы спорт кешенінің бассейнінде қыз мүрдесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы ақпаратты растады», - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта аталған спорт кешені жаттықтырушысының бассейнде қыздың қозғалыссыз жатқанын байқағаны анықталып отыр. Жаттықтырушы қызды судан шығарып, жасанды тыныс алдырып, жүрегіне масаж жасаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері 21 жастағы қыздың қайтыс болғанын анықтаған.

«Қайғылы оқиға кезінде бассейнде тағы 4 адам болған. Қаза болған қыз бассейнге бірреттік абонемент сатып алып келген. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», - деді ведомстводан.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай