Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Елордада бейнебақылау камераларының саны үш есеге дейін артады

2019 жылдың 11 тамыз 2019 10:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Ағымдағы жылдың соңына дейін «Ikomek 109» жедел әрекет ету орталығының бейнебақылау камераларының саны үш есеге дейін артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде астаналықтардың өтініш-шағымдарына жауап беретін 30 оператор бар, олар 24/7 режимінде жұмыс істейді. Азаматтардан түрлі бағыттағы сұрақтар келіп түседі. Кез келген тұрғын 109-ға қоңырау шалу арқылы қала өміріне қатысты өз шағым, өтініштерін қалдыра алады. Сондай-ақ, алдағы уақытта шұғыл әрекет етуі тиіс 101,102,103,104 салалары бойынша біздің орталықта «112» шұғыл қызметін іске қосуды алдағы уақытта жоспарлаудамыз. Азаматтар бізге ұялы және стационар телефон арқылы, мобильді қосымша, әлеуметтік желілер (Facebook, Instagram) және қалалық әкімдіктің сайты немесе TelegramBOT, WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, өз өтініштерін қалдыра алады. Яғни, кімге қалай ыңғайлы сол қызмет түрін қолданады. Дегенмен көптеген хабарлама «109» арқылы қабыладанады», - деді «Ikomek 109» жедел әрекет ету орталығы директорының орынбасары Берік Ахметов ҚазАқпарат тілшісіне.

Оның айтуынша, «Ikomek 109» жедел әрекет ету орталығына келіп түсетін өтініш пен шағымдар көбісі қоғамдық көлік, денсаулық сақтау және коммуналдық қызмет саласына қатысты.

«Қоңыраудың ең көп келіп түсетін уақыты таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 22:00-ге дейінгі аралық. Тұрғындардың сұрағынан бөлек бізде алғашқы медициналық көмек бойынша кеңес беретін 2 оператор бар. Олар арнайы медициналық білім бар мамандар. Ал келіп түсетін өтініш, шағымдардың орындалу мерзіміне келсек, оның қай қалаға қатысты екеніне байланысты. Мысалы, бір тұрғын менің үйімнің жанында қалдық жиналмаған деп хабарласса біз арқылы «Астана Тазалық»-тың қызметкері сол сәтте барып тазалауы мүмкін. Ал екінші тұрғын біздің көшенің жолы нашар, жөндеу жұмысын жүргізу керек десе, әрине сол сәтте немесе сол күні барып ешкімнің жолды жөндеп бермейтіні түсінікті. Ол үшін алдымен аудандық әкімдікке немесе сол көшенің жөндеу жұмысына жауапты компанияға хабарласып оның мән-жайын білуіміз қажет. Ал бұл өз кезегінде белгілі бір уақытты талап етеді. Тұрғындар осындай сәттерде дұрыс түсене бермейді. Өтінім мен шағымдардың жауабы 3 сағаттан 1 апта кейде тіпті 15 күн көлемінде дайындалуы мүмкін. Тапсырма орындалғанша оператор сол үшін жауапты болады және шағым жасаған тұрғынға оның орындалу барысын баяндап отырады.

Одан бөлек, «Ikomek 109» ортылығында қаланың тіршілігін бақылайтын 8 мыңнан астам бейнекамера бар. Жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 30 мыңға дейін жеткізу көзделуде», - дейді ол.

Директор орынбасарының сөзінше, орталыққа күніне орташа есеппен әртүрлі бағыттағы 150-200 шамасында қоңырау келіп түседі.


Перевод Әли Ибраев
Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай