Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада бірнеше көше жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

2022 жылдың 12 мамыр 2022 20:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы бірнеше учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстары елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жүргізілуде.
Мәселен осы жылдың 13-16 мамыр аралығында жол төсемін орташа жөндеу жүргізуге байланысты Қабанбай батыр даңғылының Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.

Дәл сол себепті жоғарыда аталған күндері Jusan Bank ғимаратының жанындағы Бөкейхан көшесі мен Сығанақ көшесінің арасындағы қозғалыс пен жол толығымен жабылады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.


Жоғары қарай