Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер қарудан оқ атқан

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 12:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада бойжеткен қыз үшін жанжалдасқан жігіттер үйдің ауласында қарумен атысқан. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«24 қаңтарда 102 пультіне түнгі сағат 1:09 шамасында 19 және 23 жастағы екі ер адам атыс қаруынан алған жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілгені туралы мәлімет келіп түсті. Осыған дейін өзара таныс адамдар арасында қыз үшін төбелес болғаны, соның салдарынан қару қолданылғаны анықталды», - делінген полиция мәліметінде.

Белгілі болғандай, аталған жанжалға қатысқан барлық адамдар ұсталып, «Байқоңыр» ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.


Жоғары қарай