Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада демалыс күндері дәмханалар мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді

2021 жылдың 23 шілде 2021 16:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың санитарлық дәрігерінің карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтандыру орындары қысқартылған жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен, сенбі және жексенбі күндері елорданың қоғамдық тамақтану орындары – кафелер, мейрамханалар, кофеханалар жұмыс істемейді. Бұл ретте тамақты жеткізу және өзімен алып кету штаттық режимде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс күндері таңғы сағат 7-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, ал «Ashyq» жобасына қатысатын мекемелер кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істей алады.




Асханалар үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 21:00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі және жексенбі күндері елордалық СОО және т.б. жұмысына тыйым салынған.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 14 шілдедегі хаттамасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы қаулы қабылданды.





Жоғары қарай