Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада екі проблемалық тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді нотариуспен рәсімдеуге тыйым салынды

2020 жылдың 28 ақпан 2020 09:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы «Шығыс» және «Жағалау» тұрғын үй кешендері бойынша пәтер сатуға қатысты нотариалдық іс-әрекеттерді жасауға тыйым салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Үлескерлердің арасында «Msabi Invest» компаниясы «Шығыс» және «Жағалау» тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді сатып жатыр» деген ақпарат таралуда.

«Елорда құрылыс компаниясының» мәлімдеуінше, құқық қорғау органдары тарапынан аталмыш факті бойынша тексеріс жүргізіледі.
«Азаматтарды бұл тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді сатып алмауға шақырамыз. Себебі бұлар проблемалық кешендер болып табылады. Және бүгінде осы нысанды құрылыс салушыдан үлескерлерге қайтарып беру жұмыстары жүргізілуде», - деді «Елорда құрылыс» компаниясының директоры Бауыржан Нұрашбеков.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ведомствоаралық комиссиясының ұсынысы бойынша қалалық прокуратура аталған тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді алу бойынша нотариалдық іс-әрекеттерді жасау бойынша тыйым салды.


Жоғары қарай