Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада Елбасыға әртүрлі елдің дипломаттары сыйлаған экспонаттар көрмесі өтті

2021 жылдың 19 қаңтар 2021 18:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының жаңа музейінде «Әсемдіктің, үндестік пен сұлулықтың нышаны» қор көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрмеде техникасы мен пішіні жағынан алуан түрлі құмыраның елуден астам үлгісі ұсынылған. Ыдыстар фарфор, қыш, шыны, металдан жасалған. Олар Түркия, Қытай, Ресей Еуропа, Орта Азия, Жапония, Вьетнам, Малайзия және тағы да басқа елдердің мәдениетін сипаттайды. Аталған жәдігерлер Елбасы кітапханасы қорында сақтаулы тұрған құмыралар топтамаларының кішігірім бөлігі ғана.

«Ұсынылып отырған экспонаттар тек өнер жәдігерлері емес, олар Н.Ә.Назарбаевтың конвекторлы сыртқы саясаты мен республикамыздың халықаралық беделін айғақтайды. Әлем жұртшылығының Қазақстанға деген құрметі мемлекет және үкімет басшыларының, халықаралық ұйымдар мен дүниежүзілік компаниялар жетекшілерінің тарту еткен сыйлықтарынан көрініс тауып отыр. Көрмедегі кез келген құнды экспонат еліміздің халықаралық қарым-қатынас орнатудағы тарихы, Елбасының жеке тәжірибесі мен таптырмас саяси көрегендігінің дәлелі екені сөзсіз», - дейді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.




Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, бірқатар мемлекеттердің елшісі, дипломатиялық өкілдер, ұлттық мәдени орталықтардың басшылары, мәдениет, өнер салаларының қайраткерлері мен жастар қатысты.
































Жоғары қарай