Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада ер адам өзі жалдаған пәтердегі теледидарларды ломбардқа өткізіп жіберген

2021 жылдың 31 шілде 2021 11:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын өткізу барысында бұрын бірнеше рет сотталған адамды ұрлық жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды, ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция депаратментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында оңай жолмен ақша таппақ болған ер адамның пәтер жалдап, ондағы теледидарларды тонап кеткені анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 350 000 теңгені құрады.

Пәтер ақысын төлеп, ондағы мүлікке қол жеткізген күдікті жағдайды пайдаланып, пәтерден теледидарларды алып шығып, оларды ломбардқа өткізіп жіберген. Пәтер иелері затттарының жоғалғаны белгілі болғаннан кейін полицияға хабарлаған.

Полицейлер күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалды, ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Ер адам қамауға алынды. Күдікті кінәсін мойындады, қазіргі уақытта ұрлық жасады деген осыған ұқсас 5 факті тексерілуде, заттай айғақтар алынды, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр»,-делінген хабарламада.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай