Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада ер адам «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көлікпен жүрген

2021 жылдың 16 сәуір 2021 20:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында көлігінде «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік бүгін әлеуметтік желілерге мониоринг жүргізу барысында Мәңгілік ел көшесінде анықталған. Елорда полицейлері көлікті бір сағаттың ішінде тапты.

Жүргізушінің айтуынша, артқы терезесінің шынысында «Тапсырыспен адам өлтіру» жазуы бар көлікті ол бір ай бұрын Петропавл қаласында сатып алған, бірақ жазуды өшірмеген.

Бұдан басқа, тексеру кезінде 27 жастағы ер адамның көлік жүргізу құжаттарының болмағаны анықталды.

Ол техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлікті жүргізгені және жүргізуші куәлігінің болмағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 590-бабының 5-бөлімі және 612-баптың 5-бөлімі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды, ондағы жазуды жүргізушісі сол жерде өшіріп тастады.


Басты сөздер: Видео, Нұр-Сұлтан, Көлік, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай