Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада Есіл өзеніндегі көпір екі күнге жабылды

2020 жылдың 3 тамыз 2020 15:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Марал» (М2) көпірінде Мәңгілік ел даңғылынан Амман көшесіне дейінгі жол жөнделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, орташа жөндеу аясында 3-4 тамыз аралығында көпірдегі көлік қозғалысын толығымен жабу жоспарланған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін баратын бағытыны алдын ала жоспарлауы керек. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қараңыздар», - делінегн қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы таратқан хабарламада.


Басты сөздер: Құрылыс, Көлік, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай