Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Елордада иесіз иттер мен мысықтардың жәрмеңкесі өтеді

2019 жылдың 24 шілде 2019 21:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 шілде күні «Астана» концерт залы аймағында иесіз қалған иттер мен мысықтардың «Возьми меня домой» атты көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Басталуы сағат 12.00-де. Шара ұйымдастырушылары — Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, «Астана ветсервис» КМ және жанаулардың құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымдар өкілдері. Бұл көрме-жәрмеңке мақсаты – шарадағы ит пен мысықтарға сенімді қожайын тауып, азаматтардың иесіз қалған жануарлар мәселелесіне назарын аударту.

Көрме–жәрмеңкеде сүйкімді мысықтар және ақылды иттермен жақынырақ танысып, ұнағанын өзімен алып кетуге мүмкіндік бар. Сондай ақ, мұнда қараусыз қалған жануарларға арналған уақытша баспанада иесін күтіп отырған өзге де жануарларының суреттері қойылады.

Осылайша, шара қатысушылары сүреттегі төрт аяқты достарын Ақсүмбе орамы, 1 үйде орналасқан уақытша баспанадан алып кете алады. Қаңғыбас және қараусыз жануарларға арналған уақытша баспана 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Қаладағы жануарларға арналған ең үлкен уақытша баспана осы. Бұл жерді 700-ге жуық ит, 60-тан астам мысық пана еткен. Аталған жануарлардың барлығы карантин, вакцинациялаудан өтіп, мал дәрігері маманының бақылауында.

Басты сөздер: Әкімдік, Экология, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай