Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада инновациялық жобалардың онлайн көрме-фестивалі өтті

2020 жылдың 11 қараша 2020 16:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ENACTUS KAZFEST 2020 инновациялық жобалардың онлайн көрме-фестивалі өтті.

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрме-фестиваль елімізде мектеп және студенттік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өткізілуді. Іс-шараға іскерлік қоғамдастықтың өкілдері, мектеп оқушылары, колледждер мен университеттердің студенттері, елімізге белгілі сарапшылар мен қоғам қайраткерлері шақырылды.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамды дамыту институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Данияр Есин, Forbes Kazakhstan баспагері Арманжан Байтасов, «RAIMBEK» Холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов және басқалар қатысты.

Қазақстандағы Enactus халықаралық бағдарламасы БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатына сүйене отырып, әлемдегі 56 жоғары оқу орны мен 72 000-нан астам студентті біріктіреді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, осы бағдарлама шеңберіндегі студенттердің жобалық қызметі университеттік білімге керемет қосымша болып табылады. Enactus аясында командалар жүзеге асыратын жобалардың негізгі бағыттары - кәсіпкерлік, әлеуметтік даму, қоршаған ортаны сақтау.




Enactus Kazakhstan қызметі қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның отандық бизнесті дамытуға белсенді қатысуы жөніндегі міндеттерді іске асыруға бағытталған.

Инновациялық жобалардың фестиваль-көрмесі – әлеуметтік-экономикалық және экологиялық кейстердің инновациялық шешімдерін ұсынатын іскерлік серіктестер мен жас кәсіпкерлердің тиімді өзара іс-қимылының бірегей платформасы.


Жоғары қарай