Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада ішкі істер органдары қызметіне қатысты жәдігерлер көрмеге қойылды

2022 жылдың 18 мамыр 2022 14:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда жұртшылығы көрмеге қойылған жәдігерлер арқылы тәртіп сақшыларының жұмысымен жақынырақ таныса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің министрлікте ішкі істер органдары қызметі тарихынан сыр шертетін музей жұмыс істейді. Сондай-ақ, барлық өңірде полиция департаменті жанында өз музейлері бар. Отандық ішкі істер органдары қызметінің 100 жылдан астам тарихы бар. Біздің музей Ішкі істер министрлігінің ғимаратында орналасқан. Бүгін халықаралық музей күніне орай біз кейбір тарихи жәдігерлерді көпшіліктің назарына ұсынуды жөн көрдік. Көрмеге ішкі істер органдары қызметіне қатысты дүниелер қойылды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігі музейінің жетекшісі Алмагүл Сәтмағанбетова көрменің ашылуында.




Көрмеге Кеңес заманынан бастап бүгінгі полиция қызметінен хабар беретін заттар мен картиналар қойылған. Атап айтқанда, криминалистердің жұмыс құралы, қылмыскерлерден тәркіленген қару және шабуыл жасау құралдары.




«Көрмеге қойылған заттарды келушілер қолымен ұстап көре алады. Сол арқылы тарихпен танысады. Кейбір жәдігерлер қазақ милициясының қалыптасуынан хабар береді. Көрмеге 150 жәдігер қойылды. Сонымен қатар тәртіп сақшыларының еңбегімен қатар жасаған ерліктерімен танысуға болады. Кеңес заманында 500-ден астам ішкі істер органдарының қызметкері социолистік еңбек ері атанды», - дейді ол.







Көрме елордадағы «Алатау» спорт кешенінде бүгін сағат 17:00-ке дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, аталған көрме еліміздің ішкі істер органдарының құрылғанына 30 жыл және балалар жылына орай ұйымдастырылып отыр.



















































Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Мәдениет, Нұр-Сұлтан, Полиция,
Жоғары қарай