Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада із-түзсіз жоғалған қыздың мәйіті табылды

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 жастағы бойжеткеннің денесі Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға қыздың анасы оның жоғалғанын айтып, шағым түсірген. Бойжеткен осы жылдың 19 қыркүйегінде сағат 11:00-де үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оны іздеуге Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы, Ұлттық ұланның жеке құрамы, еріктілер кіріскен. Соңғы рет қызды Бараев көшесіне қарай көпірден көргені анықталды. Оны іздеуге сүңгуірлер тобы тартылды.

«Осы жылдың 22 қыркүйегінде сағат 11:20-да полиция қызметкерлері ТЖМ жедел-құтқару жасағымен бірге Есіл өзенінен қыздың денесін тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда 2002 жылғы қыз жоғалып кеткен еді. Оны Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің жеке құрамы, Ұлттық гвардия жеке құрамы, еріктілер іздеген болатын.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай