Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Елордада қала маңына қатынайтын 20 автобустың қозғалысы тоқтатылды

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 15:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын бірқатар бағдардың қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқандай, «Астана LRT» ЖШС ақпаратына сәйкес, жолдарды қар басуына байланысты №304 және 322-бағдарлар қозғалысы тоқтатылды. Сондай-ақ №300, 302, 305, 306, 307, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 318, 319 және 326-бағдарлар қаладан шығатын трассалардың жабылуына орай уақытша қатынамайды.

Қазіргі уақытта жолаушыларды тасымалдаумен № 303 және 320- бағдарлар ғана айналысуда.


Жоғары қарай