Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада карантин нормасын сақтамаған 5 мекеме жауапкершілікке тартылды

2021 жылдың 28 тамыз 2021 19:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеше елорданың мониторинг топтары қаланың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин талабын бұзған 5 мекемені анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Байқоңыр ауданында мекемелер карантин режимін бұза отырып жұмыс істегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл «Өзіміз ғой» кафесі және Ashyqбағдарламасынсыз жұмыс істеген ZaZa түнгі клубы.

Карантин шараларының сақталмауы Алматы ауданының «Сова» Караоке клубында байқалды. Сондай-ақ, мониторинг тобы Сарыарқа ауданындағы «Nirvana» бары мен «Стамбул» дәмханасында осындай жағдайды тіркеді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті орган тәртіп бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал әлі тұрақсыз.








Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Карантин,
Жоғары қарай