Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада карантин ұзартыла ма – әкімнің жауабы

2020 жылдың 12 тамыз 2020 18:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қалада карантинді ұзарту мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлығы эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Бүгінде эпидемиологиялық жағдай едәуір жақсарып қалды, динамика оңтайлы дәрежеде. Бұған дер кезінде қабылданған шаралар, яғни карантиндік шаралар мен біздің дәрігерлердің күш-жігері ықпал етті. Енді карантиннен кейінгі кезеңге дайындалып жатырмыз. Осы аптада Үкіметте ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін жариялайды», - деді елорда әкімі «Astana» телеарнасына берген сұхбатында

Оның сөзіне қарағанда, бүгін сауда орталықтары өкілдерімен, құрылтайшылармен, жалға алушылармен кездесу өтті.

«Біз кәсіпорындармен ауқымды жұмыстарды атқарып жатырмыз. Карантиннің аяқталуын күтпей, санитарлық нормаларды орындау бойынша қатаң шараларға дайындалудамыз. Олар негізінен жабық ғимараттар. Санитар дәрігерлердің дерегінше, дәл осы жабық ғимараттардың ішінде індет жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан санитардық нормалардың орындалуын бақылау керек. Сәйкесінше, осы үшін жауапкершілік бұл сауда нысандарының әкімшілігіне тиесілі», - А. Көлгінов.


Жоғары қарай