Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Елордада «Қасиетті қазақ елі» дәстүрлі халықаралық өнер фестивалі өтуде

2019 жылдың 6 шілде 2019 12:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы «Жетісу» саябағында «Қасиетті қазақ елі» атты дәстүрлі халықаралық өнер фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фестивальдің ашылу шарасында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Зауытбек Тұрысбеков сөз сөйлеп, өнер бәйгесіне қатысушы шетелден келген қандастарымызды елорда күнімен құттықтады.

Сонымен қатар, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қолға алған жобалармен таныстырды.

«Елбасының саясатының арқасында 27 жылда 1 млн қазақ елге оралды. Бүгінгі күні тағы да 1 млн қандасымыз елге ораламыз деп ниеттеніп отыр. Бірақ, біз оларға тисті жағдай жасауымыз керек. Әр келген отбасыны жұмыс пен баспанамен қамтамасыз етуміз қажет. Соның төңірегінде 2 жобаны бастадық. Біреуі Нұр-Сұлтан қаласының жанында, екіншісі Сарыағаш ауданында. Амандық болса ол үлкен бастама болады. Ары қарай келген азаматтарға тиісті жағдайдың бәрін жасаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Зауытбек Тұрысбеков.



null

«Отандастар» қорының вице-президенті Мағауия Сарбасовтың атап өтуінше, бұл фестиваль Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр.

«Қасиетті қазақ елі» атты дәстүрлі халықаралық өнер фестиваліне 10-нан астам елден 50-ге жуық қандасымыз қатысуда. Қатысушылардың дені жастар. Шараның мақсаты ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді дәріптеу, тарату және ең бастысы таланатты жастарды анықтап, нақты қолдау көрсету. Мәселен, қолдау шараларының аясында елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне осы фестивальдің жеңімпаздарын оқуға түсіру пысықталып жатыр», - деді ол.



null


null


null


null


null


null


null

Фестиваль мүшайра, терме, халықтық қолданбалы өнер, вокал (дәстүрлі ән салу) аталымдары бойынша өтеді. Оған Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Иран, Оңтүстік Корея, Швеция сияқты елдерден өкілдер келген.

Қандандастарымыздың өнерін Қалқаман Сарин, Дәулеткерей Кәпұлы, Айгүл Қосанова сынды есімі елімізге белгілі азаматтар бағалайды.




null


null


null

Жоғары қарай