Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Елордада кейбір интернет-ресурстар ашылмай қалуы мүмкін - министрлік

2019 жылдың 17 шілде 2019 14:40 301

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елордада интернет-ресурстарға қолжеткізу мүмкін болмай қалу жағдайлары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Қазіргі уақытта құзырлы мемлекеттік органдар байланыс операторларымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласында азаматтарды, мемлекеттік органдарды және жекеменшік компанияларды хакерлік шабуылдардан, интернет-алаяқтардан, түрлі киберқауіптерден қорғау мақсатында техникалық жұмыстарды жүргізуде. Жекелеген интернет-ресурстарға қолжеткізу мүмкін болмаған жағдайда мобильді құрылғыларыңыздың (ұялы телефон, планшет) тіркелгенін немесе тіркелмегенін тексеруді және қауіпсіздік сертификатын (байланыс операторларының сайтында орналастырылған) орнатуды ұсынамыз», - делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ, жағдайды реттеу үшін өз байланыс операторыңыздың call-орталығына хабарласуға болады.

Жоғары қарай