Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада кішкентай қызға тиісті деген күдікпен ер адам ұсталды

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 17:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада кішкентай қызға жабысқан ер адам ұсталды. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«21 қыркүйек күні сағат 19:21-де 102 пультіне Рысқұлбек көшесі бойында қыз балаға белгісіз ер адамның тиіскені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл жетті. Түнгі уақытта мектептен қайтып келе жатқан жасөспірімнің қасына мас күйдегі ер адамның барғаны анықталды. Аталған факті бойынша 25 жастағы күдікті ұсталды», - деп атап өтеді департаменттен.

Ведомство мәліметінше, медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес, күдікті орташа деңгейде мас болған.

«Ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрмайды. Қазіргі уақытта тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады», - деді полиция қызметінен.

Айта кетейік, бүгін WhatsApp арқылы тараған видеода елордада кішкентай қызға тиіскен педофильдің ұсталғаны баяндалған еді.
Жоғары қарай