Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Елордада қоғамдық көлік қызметі қайта тоқтауы мүмкін - CTS

2020 жылдың 17 мамыр 2020 13:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғындары санитарлық нормаларды сақтамаса, қоғамдық көлік қызметі қайта тоқтауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

«Қоғамдық көлік 12 мамырдан бастап қатынай бастады. Әзірге желіде - қалалық бағыттар ғана. Автобус жүргізушілері қауіпсіздік шараларын сақтайды, яғни маска тағады, қолғап киеді және антисептик қолданады. COVID-19 жұқтыру қаупі әлі сейілмегендіктен, жолаушыларды қоғамдық көлікте бетперде тағып жүруге шақырған едік. Өкінішке қарай, барлығы ережені бір адамдай сақтай бермейді», - деді CTS компаниясының баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова.

Оның айтуынша, 27 наурыздан 16 сәуірге дейін №1 автопарктің бір қызметкері ауырған адаммен байланыста болғандықтан, карантинге жабылған.

«Егер де жағдай тағы қайталанса, қоғамдық көлік түгелімен тоқтауы мүмкін. Сол себепті елорда тұрғындарын өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығына бей-жай қарамай, санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз», - деді Оксана Лоскутова.

Жоғары қарай