Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада көлік апатынан 7 және 11 жасар екі бала көз жұмды

2021 жылдың 5 тамыз 2021 12:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көлік апатынан кәмелетке толмаған екі бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада 4 тамыз күні сағат 22:30-да «Howo» маркалы автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Қорғалжын тасжолы жағынан айналма жолмен келе жатып, Тілендиев даңғылына қарай жол бойында тұрған «Steyr» маркалы жүк көлігін қағып кеткен.

Келесі кезекте «Volkswagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі әрекет етуге үлгермей, «Howo» көлігімен соқтығысады.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында «Howo» автокөлігінің 11 және 7 жасар кәмелетке толмаған екі жолаушысы көз жұмды.

«Howo» және «Volkswagen Passat» автокөліктерінің жүргізушілері ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан, Көлік, Жол,
Жоғары қарай