Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада компания қызметкері кеңседен қаржы ұрлау күдігімен ұсталды

2020 жылдың 20 қазан 2020 12:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы компания қызметкерінің бірі кеңседен қаржы ұрлау күдігімен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Медициналық жабдықтар сататын сауда компаниясында техникалық қызмет атқарып жүрген қаланың 31 жастағы тұрғыны кеңседе қомақты сомада ақша сақталып жүргенін білген. Кешке қарай ғимаратта жалғыз өзі қалғанын пайдаланып, күдікті сейфті бұзып, 260 000 теңгені ұрлаған», - делінген қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.

Кейіннен компания өкілдері ақша жоғалғаны туралы полицияға арызданған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті адамды полиция қызметкерлері анықтап, ұстады. Ер адам аталған қылмысын мойындап, ақшаны жұмсап үлгергенін айтқан. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп аталып өткен хабарламада.


Жоғары қарай