Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада көпір астында жаңа арт-кеңістік пайда болды

2020 жылдың 12 шілде 2020 18:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көпір аумағы қала тұрғындары үшін көрікті орындардың біріне айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

«Арқар» көпірінің астындағы алаң Нұр-Сұлтанның тұрғындары мен қонақтары үшін көрікті орынның біріне айналды. Онда жаңа арт-инсталляциялар, гүлзарлар, жаяу жүргіншілер, велосипед жолдары және баскетбол алаңдары салынды. Бұл қоғамдық орындарды жаңғыртудың тағы бір үлгісі», деп жазды Урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкен Instagram парақшасында.

«Бұрын көпір құрылысы Триатлон мен Президент саябағын бір-бірінен бөліп тұрғандай көрінетін. Қазір жаңа кеңістік қалалық үйлесімді біріктірді», – деді Е.Базыкен.

Сондай-ақ ол нысан өз атмосферасын қалыптастырып, қала тұрғындары арасында шығармашылық кластердің дамуына ықпал ететінін атап өтті.





«Бұл жердің шағын бизнес үшін әлеуеті жоғары екенін атап өткен жөн. Екі саябақтың жаяу жүргінші мен велосипед жолы бар жалғыз байланысы екенін ескерсек, бұл орын қоғамдық тамақтану орындарына тамаша жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етіп, әлеуметтік белсенділікті арттырады», – деді Е.Базыкен.

Қазіргі уақытта орынды ретке келтіру жалғасуда. Жаңа нысандар бос қалған аумаққа барған сайын көбірек адамдарды тартады. Сондай-ақ мұнда әткеншек-орындықтар, баскетболға арналған ілмектер және екі стритбол алаңы пайда болды. Осы жылы барлығы 50 қоғамдық орын (саябақтар, алаңдар, бульварлар) және 150-ге жуық аула абаттандырылады.

Аулалар мен қоғамдық орындар «Нұр-Сұлтан – тұрғындарға жайлы қала» атты елорданы одан әрі дамыту жоспарының тұжырымдамасы аясында абаттандырылуда.



































Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Құрылыс,
Жоғары қарай