Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандардың бәрі табылды - әкім

2020 жылдың 17 наурыз 2020 18:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған тұрғындардың бәрі табылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Коронавирус індетінің өте жылдам таралуына байланысты әлемнің бірнше елінде төтенше жағдай жарияланғанын білесіздер. Мұндай қысылтаяң кезеңде Нұр-Сұлтан қаласында нысандар қалай жұмыс істейтіндігі туралы айтып беруге рұқсат етіңіздер. Бүгінгі таңда қалада коронавируспен ауырғандар саны 17 адамға жетті. Сол себептен біз қауіпсіздік шараларды күшейттік. Бұл азаматтармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы табылды. Олар арнайы орындарға жатқызылды. Сонымен қатар зертханалық зерттеулер жүргізілуде», -деді қала басшысы.

Елорда әкімінің атап өтуінше, 28 қаңтар мен 16 наурыз аралығында стационарда 752 адам жатты. Қазір ол жерлерде 318 пациент карантинде жатыр.

«Диагонстика жасап, емдеу үшін 1 051 орынға арналған арнайы медициналық орын белгіленді. Қажет болған жағдайда қосымша осынша орын дайындаймыз. Медициналық қызметкерлер коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдігі бар пациенттермен жұмыс істеудің нақты іс-әрекет тәртібін жақсы біледі. Оларға қазіргі таңда оларға үлкен салмақ түсуде. Сондықтан, қала тұрғындары мен қонақтарын медициналық қызметкерлерді қолдауға шақырамын. Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмекпен, басқа да қажетті заттармен толықтай қамтамасыз етілген», - деді Алтай Көлгінов.


Жоғары қарай