Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада «Құстар ұясы фестивалі» байқауы өтеді

2020 жылдың 7 тамыз 2020 18:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Құстар ұясы фестивалі» онлайн байқауы өтеді. Мұндағы мақсат – халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің ресми сайтында жазылғанындай, оғ ан табиғат пен құстарды қорғауға қоғам назарын аударуға ниетті кез келген адам қатыса алады. «Экологиялық мәселелердің үлкен шоғыры арасында құстарды қорғау проблемасы бөлек. Қарқынды құрылыс кесірінен саябақтар мен жай ғана ағаштар орналасқан алаңдар саны азаюда. Саябақтар мен үйдің маңына құстар ұяларын орналастырып, құстарды жан-жаққа бөлу арқылы жасыл желектерде бақылаусыз көбейетін жәндіктермен күресуге болады, шара осыған бағытталған», - делінген конкурс ережесінде. Қатысушылар құс ұясын жасап, видеосын @birgemiz_taza_alem Instagram парақшасына жариялауы тиіс. Фестиваль қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталып, 20 мың теңгеден сыйлық алады. Ұйымдастырушылар ең жақсы жұмыстарды қала саябақтарына орнатуды жоспарлап отыр. Байқау 24 шілде мен 20 тамыз аралығында өтеді. Нәтижелер 26-28 тамыз аралығында әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда жарияланады. Қосымша ақпарат пен ережені @birgemiz_taza_alem Instagram парақшасынан табуға болады.



Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Экология,
Жоғары қарай