Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Елордада құтқарушылар қар тазалауға көмектесті

2020 жылдың 26 қаңтар 2020 07:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар бойынша комитет пен ТЖ бойынша елордалық департаменттің қызметкерлері қызметтің күшейтілген режімінде елорда тұрғындарын қар құрсауынан шығарып қана қоймай, зейнеткерлерге қол ұшын созды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін 100-ге тарта құтқарушы халықтың әлеуметтік тұрғыда мұқтаж санатындағы адамдарына – зейнеткерлерге, сонымен бірге «Балалар үйіне», №88 орта мектепке, №85 «Мейіржан» мен №61 балабақшаға көмектесіп, қарын күреп, үлкен іс тындырды.

23-25 қаңтар аралығында елордалық ТЖД қызметкерлерінің күшімен қар құрсауынан 144 адам құтқарылып, 5 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, батып қалған 94 көлік қар құрсауынан шығарылған.

№88 шұғыл желісіне 25 қаңтарда сағат 08.00-ден бастап 1060 қоңырау келіп түскен. Оның 748-і (70 пайызы) жолдардың ашылуына байланысты сұрақтар болып отыр.

Елорданың құтқарушылары қала шетіне шығу жоспарын кейінге қалдыруға және ауа райын, жолға қойылатын шектеулерді бақылауға кеңес береді. Қардың қалың түсуіне байланысты елордадағы коммуналдық қызметтерге тәулік бойы жұмыс жүргізуден басқа амал қалмады. Тұрсынбек Қабатлов бастаған өнерпаздар қардан тазартуға байланысты марафон бастап, бұл бастама бүкіл елдің қолдауына ие болып жатыр. Челленджді тіпті ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдап, бұл бастаманы Волонтерлар жылындағы ойлы қадамға теңеді. Тіпті елордадан бөлек өңір-өңірлерде аталмыш акция халықтың қолдауына ие болды.


Жоғары қарай