Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада лифтін ауыстыратын үйлердің тізімі жасалды

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 09:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада лифтін ауыстыратын үйлердің тізімі жасалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Күлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін лифттер аса қажет екені белгілі. Өкінішке қарай, кейбір үйлердегі лифттер апатты жағдайда, ал кейбіреулері тіпті жұмыс істемейді де. Біз биыл лифтін ауыстыратын үйлердің тізімін жасадық. Мысалы, «Sun city» (Ғабдуллин көшесі, 11) тұрғын үй кешенінде бір подъездің лифті 2009 жылдан бері жұмыс істемеген, ал басқалары апатты жағдайда болыпты. Адамдар бірнеше рет лифтте қамалып, мамандарды шақыруға мәжбүр болған. Енді осы үйге «Нұрлы жер 2020-2025» тұрғын үй - коммуналдық кешенді дамыту бағдарламасы аясында жаңа лифттер орнаттық», - деді әкім өзінің желідегі парақшасында.

Әкімнің айтуынша қалада жарты жылға жетпейтін уақыт ішінде 100 лифтті жаңартырмақ және қазіргі кезде оның 30 лифт жаңартылған.





«Бұған қоса, сол тұрғын үй - коммуналдық кешенді дамыту бағдарламасы бойынша 50-ден астам көппәтерлі үйлерді жөндеуден өткіземіз, олардың ішінде мысалы - «Орбита», «Территория комфорта-2», т.б. тұрғын үй кешендері бар», - деп толықтырды әкім.








Жоғары қарай