Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада мамандар орманды кеміргіштерден қорғауға кірісті

2021 жылдың 5 наурыз 2021 22:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың айналасындағы жасыл белдеуде бүгінде 11 миллион ағаш пен екі миллионға жуық бұта бар. Бұл жерді зиянкестер мен кеміргіштерден қорғау жұмысы жыл бойы жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ағаштар мен бұталарға қояндар жиі қауіп тудырады. Қыста үлкен ағаштардың қабығын аршып қана қоймай, жас бұталардың түбін қопарып тастайды.

Жасыл белдеудің ағаштар мен бұталар егілген тұсына тек шаңғымен жетуге болады. Бұл жердегі қардың тереңдігі кем дегенде бір метр. Қызметкерлер қорғаныш костюмімен жүріп, креолин себеді.

«Бұл негізінен қыста азық қорының жетіспеуіне байланысты. Қояндар биоценоз бөлігі болғандықтан оларды жойып тастай алмаймыз. Сондықтан біз ең көп зақымдалған ағаштарға, яғни жеміс-жидектерге үркітетін препараттар себеміз», - деді көшеттерді күту жөніндегі компанияның бас агрономы Ардақ Хасенов.

Оның айтуынша, препараттан ағаштарға да, жануарларға да зиян жоқ. Күн суығанда екі рет жүргізіледі: қыстың басында және соңында. Жасыл белдеудің аумағы 14 мың гектардан асады.

«Бұл учаскелерде ағаштың белгілі бір түрінің тіршілік ете алуы тексерілуде. Ғылыми тәсілдер негізінде ағаштардың белгілі бір сорттарын егеміз. Биыл біз 800 мыңнан астам көшет отырғызуды жоспарлап отырмыз. Оның 60 мыңы – қарағай. Егер ағаштар қабықсыз қалса, өліп қалуы мүмкін. Оларды қорғау керек. Ал қояндардың санын табиғи түрде реттеу мүмкін емес», - деді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы бөлімінің бас маманы Айдар Рашид.


Басты сөздер: Экология, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай