Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада мамыргүл бағы пайда болады

2021 жылдың 16 сәуір 2021 19:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Триатлон паркінің жанындағы учаскеде мамыргүл көшеттері отырғызылған бақ пайда болады. Бұл туралы Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен Instagram-да жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамыргүлдің 1 мыңнан астам көшеті Сарайшық көшесі бойында көпір маңындағы учаскеде отырғызылады.

«Жапондық сакура ағаштарына біздің балама ретінде мамыргүл бағын көрсетуге болады. Жапонияда сакураның гүлдеуі мерзімі жыл сайын атап өтіледі. Жазғы жаңбырдан кейінгі мамыргүлдің ғажап иісін ұмыту қиын. Мамыр айының басында 2021 жылы барша қаланы көгалдандыру бойынша жоспар аясында көшеттерді жаппай отырғызу басталады», - деді Елнар Базыкен.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Экология, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай