Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада мас күйінде көлік жүргізген құжаты жоқ бойжеткен ұсталды

2020 жылдың 27 қазан 2020 21:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда полицейлер көлікті жүргізуші куәлігінсіз айдаған мас қызды ұстады, - деп жазады ҚазАқпарат елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бүгін таңғы сағат 06.00 шамасында полиц ия қызметкерлері Сығанақ және Ақмешіт көшелерінің қиылысында патрульдеу кезінде күдік тудырған «PEUGEOT 206» маркалы көлікті байқаған.

Тексеру барысында 28 жастағы қыздың мас екені анықталды. Жүргізуші құжаттары мен жүргізуші куәлігі жоқ екенін мойындады.

Медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйінде басқарған. Сонымен қатар 2019 жылдың маусым айында сот шешімімен мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Алайда жазаға қарамастан, жүргізуші мас күйінде рөлге қайта отырған. Аталған факті бойынша тәртіп бұзушы ПД уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот шешімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде жүргізушіге 2 айға дейінгі мерзімге қамауға алыну қаупі бар.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті автокөлік иелерінен алкогольдік және есірткілік мас күйінде көлік жүргізбеуін сұрайды.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға, Көлік, Заң,
Жоғары қарай