Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада мас жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды

2021 жылдың 4 тамыз 2021 11:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жол ережесін өрескел бұзған мас жүргізушіні басқа көліктегілер түсіп келіп тоқтатпақ болған. Алайда олардан қашпақ болған мас жүргізуші алдындағы көлікті соғып тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше сағат 21.49-да елорданың Мәңгілік ел даңғылында болған. «Toyota» маркалы көлік жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, апатты жағдай туғызған. Жүргізушіні тоқтатпақ болған елорда тұрғындарының бірі қарсылыққа тап болды. Оқиға орнына келіп жеткен патрульдік полиция экипажы жүргізушінің құжатын тексеру кезінде көлік салонынан ішімдіктің иісін бұрқырап тұрғанын байқаған. Медициналық сараптама қорытындысы ер адамның жеңіл дәрежеде мас күйде болғанын анықтады.

Көлікті мас күйде жүргізген ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 608-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Сот шешімі бойынша, жүргізуші он бес тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.


Полицияда елордада өткен жылмен салыстырғанда мас жүргізушілердің көбейгенін атап өтті. Былтырғы 7 айда қалада 308 мас жүргізуші ұсталса, биылғы жылдың осындай кезеңінде мас күйінде көлік жүргізген 861 адам жауапқа тартылған.

2021 жылдың басынан бері мас жүргізушілер кесірінен 10 адам түрлі дене жарақатын алып, бір адамның қаза болған. Жалпы осындай 162 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

«Осындай оқиғалар салдарынан бейкүнә адамдар қаза тауып, жарақат алатынры өкінішті. Мас жүргізушілер кінәсімен болатын апатты жағдайдың алдын алу – елорда полициясының басты міндеті. Жол қозғалысын күн сайын қадағалау, көлікті мас күйінде жүргізу фактісін болдырмау бойынша рейд күн сайын жүргізілуде», - деп атап өтті елордалық полицияның басшысы Ержан Сәденов.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, ҚР ІІМ, Көлік,
Жоғары қарай