Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада мас жүргізуші автобусты соқты

2020 жылдың 28 қараша 2020 12:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 қарашада Уәлиханов пен Бөгенбай көшесінің қиылысында көпірден өте бергенде «Лада» автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде маршруттық автобусты соққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл кезде жолаушылар автобусы оңға қарай бұрылыста тұрып, басты бағытта өтіп бара жатқан көліктерге жол берген. Апат салдарынан автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ.

Анықталғандай, «Лада» жеңіл автокөлігінің жүргізушісі 2016 жылдан бері темір тұлпарды мас күйінде жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Алайда, осы уақыт ішінде жазаны елемей, үшінші рет рөлді мас күйінде тізгіндегені үшін полицияның қолына түскен.

Медициналық тексеруден өткеннен кейін наркологтың қорытындысы жүргізушінің орташа дәрежеде мас болғанын растады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, жүргізуші қамалды.

Көлік коммуналдық айыппұл тұрағына қойылды.



Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан, Көлік, Жол,
Жоғары қарай