Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада мектепке автобуспен қатынайтын екінші сынып оқушысы адасып кеткен

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 19:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана LRT компаниясы мектепке автобуспен қатынайтын оқушылардың ата-аналарына баласына барлық қажетті ақпаратты үйрету керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компанияның мәліметінше , 18 қыркүйекте кешке қалада екінші сынып оқушысы адасып кеткен. Өйткені бала шатасып, басқа автобусқа отырған.

«Жүргізуші оны байқап, көлік бақылау департаментінің (КБД) инспекторына хабарлады. Бала нақты мекен-жайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін білмеген. КБД қызметкері полицияның тірек пунктіне жүгінді. «102» пультіне оның ата-анасы хабарласқан екен, жедел-тергеу тобын күте отырып, біздің қызметкер баланы анасына тапсырды», делінген хабарламада.

Компания өкілдері, ата-аналар осы мәселеге баса назар аударып, бала барлық қажетті ақпаратты білгені жөн екендігін жеткізді.

«Егер балаңыз мектепке қоғамдық көлікпен барса, онда ол ата-анасының аты-жөнін, олардың байланыс нөмірлерін, үй мекен-жайын, аялдаманың атауын және өз бағдарының нөмірін жатқа білгені маңызды», делінген компания таратқан хабарламада.


Жоғары қарай