Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада мобильді топ жұмысы қалай жүргізілуде

2020 жылдың 21 шілде 2020 17:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус індетінің өршуіне байланысты маусым айының басында еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің үкімімен республика бойынша дәрігерлерден құралған арнайы мобильді топтар құрылды. Бүгінде бас қалада 200-ден астам мобильді топ жұмыс істеуде. Соның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласындағы №4 емханасында 8 мобильді топ халыққа қызмет көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір мобильді топта 2 немесе 3 маман бар. Оның ішінде дәрігер, оның көмекшісі және волонтер. Және бір мобильді топтың 3-3,5 мың халыққа дейін жәрдем көрсету мүмкіндігі бар. Біздің емханада 8 мобильді топ жұмыс істейді, олардың таңғы 08:00-ден кешкі 22:00-ге дейін. Жұмыс істеуге ыңғайлы болуы үшін 4 мобильді топ түске дейін кезекшілік етеді, қалған 4-і түстен кейін жұмысын бастап кешке дейін атқарады», - деді Нұр-Сұлтан қаласындағы №4 емхананың директоры Ләззат Рысбекова.

Маманның мәлімдеуінше, аталған емханада 208 пациенттен коронавирус індеті анықталған.

«Covid-19 симптомы 208 адамнан табылды, бүгінде біразы жазылып шығып, қалған 53-і әлі де ем алып жүр. Сонымен қатар, дәрігерлеріміз жазылып шыққан пациенттермен де міндетті түрде байланысады. Нақты айтқанда, ұялы телефон, мобильді қосымша және онлайн бақылау арқылы жағдайын біліп, көмек көрсетеді. Коронавирус індетіне шалдыққан бөлек, бізде пневмониямен ауырғандар бар, олардың саны 290, олардың да саны күн санап азайып келеді, қазіргі таңда пневмониядан 135 пациент емделіп жүр», - деді ол.





Емхана басшысының сөзіне сенсек, құрылғанына 1,5 ай болған мобильді топ өз жұмысының тиімділігін көрсеткен.

«Мобильді топтың қызметі тегін және пациенттер барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуде. Қала бойынша барлық емханалардың өз мобильді топтары бар, жалпы елорда бойынша 200-ден астам мобильді топ қызмет көрсетуге. Әрбір емхананың өз пациенттері бар, арнайы тізім жасақталған сол тізім бойынша мобильді топ дәрігерлері медициналық көмек көрсетеді», - дейді Л. Рысбекова.


















Жоғары қарай