Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы салынады

2019 жылдың 30 шілде 2019 22:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталықты қалалық әкімдік Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болдым. Мекемеде мамандар мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетеді.

Ата-аналар бұл орталықта сабақ, жаттығу өткізетін қажетті кабинеттердің және білікті дәрігерлердің бар екендігін айтты.





Ата-аналар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Емдеуге арналған аппараттар қажеттілігі айтылды.

Қарапайым ақпараттандыру жағы жетіспейді.

Елордада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын салуды қарастырамыз» - деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.





Сондай-ақ, қала әкімі Мемлекет басшысының мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыға ерекше назар аудару керек деп тапсырғанын айтты.

«Сондықтан да Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын салуды жоспарлап отырмыз» - деді әкім.





Жоғары қарай