Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада өткен жылы 100-ден астам автокөлік ұрланды

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 12:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласында 113 автокөлік ұрланды. Ал биыл жыл басталғалы 900 қылмыс жасалды, оның 320-ы ұрлық. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Диас Қадіров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұрлық жасау жалпы қылмыстың үштен бірін құрайды. Өткен жылы елордада шамамен 15 мың қылмыс болды. Оның 5-ы ұрлық жасау қылмысымен байланысты. Яғни өзгенің мүлкін қолды ету. 2022 жыл басталғалы 26 күннің ішінде елорда аумағында 900 қылмыс жасалды. Оның ішінде 320 ұрлық жасау. Тағы бір айтып өтетін жайт, ұрлық қылмысы ішінара бөлінеді. Соның ішінде ең жиі болатыны пәтер тонау, ұялы телефон ұрлау және көлік ұрлау мен оны тонау. Қыстыгүні көбінесе жеңіл көліктің аккумляторы мен дөңгелегін қолды етеді. Көп жағдайда иелері көлікті қараусыз үй ауласында, көше бойында қалдырып кетеді. Қар басып, жүрмей тұрған автокөлікті ұрлықшы назарына алады», - деді Диас Қадіров полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында.

Полиция департаментінің өкілі ұсынған статистикаға сүйенсек, өткен жылы елордада 113 көлік ұрланды.

«Ұрланған автокөліктердің маркасы әртүрлі. Шұғыл іздеу шарасының арқасында 113 көлік ұрлау ісінің 110-ы ізі суымай ашылып, көлік иелеріне қайтарылды. Сондай-ақ, өткен жылы жедел профилактикалық шара аясында Ресейден ұрланған 12 автокөлік анықталды. Олардың арасында 2015, 2017 жылы қолды болған көліктер де бар», - дейді ол.


Жоғары қарай