Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада «Рухани келісім – бейбітшіліктің негізі» атты халықаралық конференция өтті

2020 жылдың 19 қазан 2020 11:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кеше,18 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында Рухани келісім күні мен Дүниежүзілік рухани мәдениет форумының 10 жылдығы аясында «Рухани келісім – бейбітшіліктің негізі» тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі – М.Әзілханов, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма төрағасы – А.Әбибуллаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Нұрдаулет Әлмұханов, «Бейбітшілікке мәдениет арқылы» халықаралық қауымдастығының президенті – Т.Мұхамеджанов, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Үндістан, Австрия, Швейцария, Германия, Ливан және басқа елдерден белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері, ғылыми қоғамдастық өкілдері, халықаралық сарапшылар қатысты.

Конференцияның мақсаты - азаматтарды ортақ рухани-адамгершілік құндылықтарға топтастырып, қазақстандық қоғамда және бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық, толеранттылық, рухани келісім идеяларын насихаттау.





Конференция барысында қатысушылар мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді, ұлттық идеяға негізделген қазақстандық бірегейлікті нығайту міндеттерін, сондай-ақ елде және әлемде дінаралық диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетуде азаматтық қоғамның рөлінің артуын талқылады.

Еске сала кетейік, Рухани келісім күнін атап өту тарихы 1992 жылы қазан айында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған алғашқы Дүниежүзілік рухани келісім конгресін өткізумен байланысты.

Шараға қатысушылар жанжалдар мен қақтығыстарға мораторий жариялау күні, татуласу күні, жақыныңа мейірімділік пен көмек көрсету күні ретінде - 18 қазанды Рухани келісім күні деп жариялауға шақырды.





Жоғары қарай