Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада санитарлық нормаларды сақтамаған 120 нысан жабылды

2020 жылдың 3 маусым 2020 00:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда келушілерге кальян ұсынған бар жабылды. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдіктің instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Әкімдіктің мобильді тобы полицейлер және эпидемиологтармен бірге күн сайын санитарлық нормаларды бұзған мекемелерді анықтау үшін рейд жүргізеді. 2 маусымда мониторингпен 50-ден астам нысан қамтылды. Оның ішінде көлік жуу, дүкендер, дәмханалар, барлар және т.б. бар.

Санитарлық нормаларды сақтамаған 4 нысан жабылды. Мәселен, «Мята» лаундж-барында (Қабанбай батыр даңғылы) келушілеріне кальян ұсынылғаны анықталып, мекеме жабылды.
Аталған нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қаматамасыз етпейінше жабық болады. Мұндай қатаң шара коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қабылданды.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтамаған 120 нысан жабылды, оның ішінде құрылыс компаниялары да бар. 150 нысан ескерту алып, бірқатарына айыппұл салынды.
Елордада маска тағу режимі әлі де сақталуда. Автобустар, дүкендер және басқа да адам көп жиналатын жабық жерлерде маска киіп, арақашықтық сақтап, антисептикті пайдалану қажет. Тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамаса, қалада күшейтілген карантин режимін енгізуге тура келеді.


Басты сөздер: Карантин, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай