Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада сауда орталығында әйел көз жұмды

2021 жылдың 23 қараша 2021 11:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада сауда, ойын-сауық орталығында әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растап, оқиғаның 22 қараша күні болғанын хабарлады.

«22 қараша күні 103 пультіне МEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығында әйел адамның ес-түссіз жатқаны туралы шұғыл шақырту түсті. Жедел жәрдем бригадасы келген кезде әйелде тіршілік белгілері болған жоқ.

Куәгерлердің айтуынша, 1992 жылы дүниеге келген әйел кенеттен ес-түсінен айырылып, селкілдей бастаған. Осыдан кейін куәгерлер сауда, ойын-сауық орталығы медицина пунктінің қызметкерлерін шақырып, олар реанимация жасаған. Бірақ, ол сәтсіз болды. Мүрде полиция қызметкерлеріне берілді», - деп атап өтеді басқармадан.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай