Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада «Сергек» мәліметтерін бұрмалап көрсеткендерге қатысты қылмыстық істер қозғалды

2020 жылдың 28 қазан 2020 13:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Сергек» камералары тіркеген мәліметтерді бұрмалап көрсеткендерге қатысты қылмыстық істер қозғалды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Шыңғыс Қабдула мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық іс қозғалды. Олар «Сергек» камералары тіркеген деректер бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай реестріне бұрмаланған мәліметтерді жүйелі түрде енгізе отырып, ереже бұзғандардың жауапкершіліктен жалтаруына ықпал еткен», - деді Шыңғыс Қабдула Astana Adaldyq Alańy-ның әлеуметтік желідегі парақшасында өткен брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде аталған фактілерге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, күдіктілер анықталуда.

«Сергек» деректер базасынан өшірілген құқықбұзушылақтар өте көп», - деді департамент басшысы.


Жоғары қарай