Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада шомылуға рұқсат етілген орындар белгіленді

2021 жылдың 13 мамыр 2021 12:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада шомылуға рұқсат етілген орындар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қала әкімі А.Көлгіновтің қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар белгіленді.
1. Есіл ауданы, Орталық саябақтағы жағажай.
2. Алматы ауданы, Күйгенжар тұрғын алабындағы «Астаналық аула» демалыс аймағы.
3. Сарыарқа ауданындағы «Три пескаря» демалыс аймағы», делінген хабарламада.






Жоғары қарай