Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Елордада SIM-карта сататындар тексеріледі

2019 жылдың 21 қазан 2019 17:52

НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат - Өзге азаматтарға тіркелген SIM-карталарды сату туралы қазақстандықтардың шағымына орай сауда нүктелері тексеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге келісімшарт жасамай SIM-карталарды сату фактілері расталса, дилерлерге 100 АЕК дейін айыппұл салынады», - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко.

Оның айтуынша, алдын ала басқа азаматың атына тіркелген SIM-карталарды сату ұялы байланыс қызметін көрсету ережесін бұз болып табылады. Сондай-ақ, бұл сатып алушыға да ыңғайсыздық тудыруы мүмкін.

«Егер азамат SIM-картаны сатып алса және сатушы оған нөмірді тіркеуді ұсынбаса, бұл нөмірдің басқа біреудің атына тіркелгенін білдіреді. Нөмірдің иесі оны кез келген уақытта ажыратып тастауы мүмкін екенін түсіну керек», - дейді В. Ярошенко.

Айта кетейік, 2019 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу аяқталды. Қазіргі уақытта қолданыстағы барлық мобильді телефондар SIM-карта иесінің ЖСН-на тіркелген. 2018 жылы SMS хабарлама жолдау арқылы тіркелмеген ұялы байланыс құрылғылары (2019 жылғы 1 қаңтарда) телефондағы SIM-картаға байланып, автоматты түрде тіркеуге қойылады.

Жоғары қарай