Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада Сирия мәселесі бойынша жоғары деңгейдегі кездесу өтеді

2021 жылдың 24 маусым 2021 19:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы 7-8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 16-шы халықаралық кездесу өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алдағы кездесуде кепілгер елдер - Иран, Ресей және Түркия, сондай-ақ Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуы жоспарлануда. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ирақ пен Ливанның жоғары деңгейдегі өкілдері қатысады.

Келіссөздердің күн тәртібіне келесі мәселелер кіреді: Сириядағы, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық ахуал; Сирияға халықаралық ізгілік көмек көрсету; Женевадағы сириялық Конституциялық комитет жұмысының жандану перспективалары; тараптар арасындағы сенімді нығайту, оның ішінде тұтқындармен алмасу, кепілге алынғандарды босату және із-түссіз жоғалғандарды іздеу.

Келіссөздердің бірінші күні екіжақты және кепілгер елдердің үшжақты консультацияларын, сириялық тараптармен келіссөздер, бақылаушы тараптардың делегацияларымен байланыстар , ал екінші күні консультацияларды жалғастыру және Жалпы отырыс өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар кепілгер елдердің, БҰҰ және Халықаралық қызыл крест комитеті сарапшыларының қатысуымен мәжбүрлеп ұсталып отырған тұлғалар бойынша Жұмыс тобының кезекті отырысы жоспарлануда.


Жоғары қарай